1928 жылы Египеттің Исмаилия қаласында мектеп мұғалімі Хасан әл-Банна исламдық қағидаттар негізінде мұсылман қауымының мәдени-рухани бірегейлігін жаңғырту мақсатында және еуропалық отарлық саясатқа қарсы «Мұсылман бауырлар» қоғамының негізін қалады. Бастапқыда, ағартушылық-қайырымдылық ұйым ретінде қалыптасқан ұйым, қазіргі таңда Таяу Шығыс аймағындағы саяси ықпалға ие радикалды көзқарастағы қауымдастыққа айналып отыр. Осы орайда, ұсынылып отырған мақалада, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Египетте қалыптасқан тарихи-саяси жағдайға талдау жасау арқылы, «Мұсылман бауырлар» ұйымның қалыптасуының негізгі мәселелері және тарихи алғышарттары қарастырылады. Бастапқы кезеңдегі ұйымның идеологиялық қондырғылары, жетекші идеяларына талдау жасалынады, сонымен қатар, сыртқы және ішкі факторлардың ұйым қызметіне ықпалы зерделенеді. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы Абд ар-рахман әл - Кавакиби, Жамал ад-Дин әл- Ауғани мен Мухаммад Абдо сияқты мұсылман ағартушылары мен исламдық модерн ағымының өкілдерінің тұжырымдамаларының, Хасан әл-Баннаның саяси - идеялық көзқарастарының қалыптасуын-дағы ықпалдарына талдау жасалынады. 1928-1940 жылдардағы ұйымның қызметіне талдау жасау арқылы, «Мұсылман бауырлар» қозғалысының радикалдану үрдісінің себептері мен кезеңдері айқындалады.
ХІХ ғ.СОҢЫ – ХХ ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ «МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР» ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ
Жарияланған April 2024
26
48
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Египет, ислам қозғалысы, мұсылман реформаторлары, «Мұсылман бауырлар», ұлт-азаттық қозғалыстар, радикалды көзқарастар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алипбекова Г. і Турекулова Ж. 2024. ХІХ ғ.СОҢЫ – ХХ ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ «МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР» ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.013.