Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ЦЕНЗУРА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АРХИВ ҚОРЛАРЫНДАҒЫ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Жарияланған December 2023

85

91

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы кеңестік цензураның ерекшелігін зерттеуде қолданылатын іс жүргізу құжаттарының әлеуеті қарастырылады. Зерттеу барысында төмендегідей архив құжаттарына талдау жасалынады: Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА) және Қазақстан Республикасы Президентінің архиві (ҚР ПА). Зерттеу жүргізу үшін біз архив құжаттарының келесі топтарына сүйендік: директивалық, ұйымдастырушылық-өкімдік, ақпараттық-анықтамалық. Бұл құжаттардың мақсаты қазақ халқының санасында Коммунистік партияның саяси желісін қалыптастыруға ықпал ететін, әдебиет пен баспа саласында мемлекеттік-партиялық бақылау жүйесін қалыптастыру болып табылған. 1922 жылдан бастап қалыптаса бастаған цензура механизмінің негізі, идеялық-саяси бақылау болып табылады.

Қазақстан архивтерінің қорларындағы іс жүргізу материалдары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының әдебиет істері және баспалар жөніндегі Бас басқармасының (ҚазССР Главлиті): мемлекеттің құпияларын қорғауды қамтамасыз ету және баспа өнімдеріне саяси-идеологиялық бақылау жасау; обллиттердің (облыстық әдебиет істері және баспа басқармалары) жұмысының жай-күйі; кітап сату желісі мен кітапханаларды идеологиялық жағынан «дұшпандық сипаттағы» әдебиеттерден тазарту; алдын ала цензура және өшірілген «мәтіндердің» сызбалары; ҚазКСР Главлиті басшысының қызметкерлерін жасақтау туралы кеңестік кезеңдегі қызметінің тетігі мен бағытының қалыптасуын зерттеуге ықпал етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Rustem, K. і Жакупова 2023. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ЦЕНЗУРА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АРХИВ ҚОРЛАРЫНДАҒЫ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.022.