Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІН БІРІКТІРУДІ АЯҚТАУ

Жарияланған December 2023

90

109

Институт истории и этнологии им.Ч. Ч. Валиханова
Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 20-жылдарында большевиктер жүзеге асырған Орталық Азияны межелеу мәселелері және Түркістан аумағында кеңестік мемлекеттілікті құру үдерісі қарастырылады. 1920 жылдардың басындағы большевиктердің ұлттық саясаты, оның социализмді құру стратегиясын белгілі бір ұлттық аймақтағы ұлттық мәселе жөніндегі дискурспен байланыстыруға ұмтылуымен сипатталды. Революциядан кейін байқалған Ресейдің ұлттық аймақтарында жергілікті «ұлтшылдықтың» кең етек алуы, жергілікті халықтардың ұлттық ұмтылыстарын елемеу, большевиктер тарапынан олардың күшеюіне әкелуі мүмкін деген қорытынды жасалды. Стратегиялық тұрғыдан ұлтшылдықты большевиктер пролетарлық интернационализмнің қалыптасуына кедергі ретінде қабылдады. Бұл кеңес өкіметін Орталық Азияда ұлтшылдық пен пантюркизмнің алдын-алу шараларын қолға алуға мәжбүрледі. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесі 1924-1925 жылдары Түркістан, Бұхара және Хорезм республикаларының аумағында ұлттық-территориялық межелеу науқанын жүзеге асыру болды. Сол жылдары ұлан-ғайыр өлкені жекелеген мемлекеттерге межелеу науқанының ең қиын да, күрделі үдерісі жүрді. Межелеу кеңестік Орталық Азияда тұратын халықтардың тағдырына түбегейлі әсер етті. Бұл үдеріс өз кезегінде, мемлекетаралық және ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуы мен көптеген онжылдықтар бойы сақталуында өзіндік рөл атқарды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-нің кеңестік болашағын құру да 1924-1925 жылдары қиынға соқты. Қазақстанның жоғары истеблишменті өзінің оңтүстік облыстарының шекараларын анықтаудағы тартысты дауларға белсене араласты.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Abikey, A., Қайыпбаева і Дюсенова 2023. ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІН БІРІКТІРУДІ АЯҚТАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.013.