Мақалада жарияланған деректер мен материалдар негізінде 19 ғасырдың екінші жартысындағы татар ағартушылығының ірі өкілі Каюм Насыридің ағартушылық қызметі мәселесі қарастырылады. Көрнекті ағартушы қырықтан аса кітаптар мен брошюралар жариялады, ондағы мақсаты өзінің оқырмандары аасында жаңа ғылыми біліміді таату және насихаттау болды. К.Насыри жаратылыстану, тарих, тіл, әдебиет, гигиена және анатомия бойынша шығармалар жариялады. К.Насыри «Поверья и обряды казанских татар, образовавшиеся помимо влияния на их жизнь суннитского магометанства» (1880 ж.), «Образцы народной литературы казанских татар» (1896 ж.) еңбектерін орыс тілінде жариялайды, онда татар халқының фольклоры, этнографиясы және т.б. сөз етіледі. К. Насыридің жеке тұлғаның дене және рухани дамуына арналған «Тәрбие туралы кітап» шығармасы баға жетпес еңбек болып табылады. 24 жыл бойы ағартушы жылдық күнтізбе шығарып тұрды. Автор ағартушы мұрасының татар мәдениеті үшін тарихи маңызы аса зор болды, ол халыққа мүлтіксіз қызмет етудің тамаша үлгісін көрсете білді деген тұжырым жасайды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ахмеджанова , М. 2021. КАЮМ НАСЫРИ: АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЫНАН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).