Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ

Жарияланған April 2024

43

99

Медицинский Университет Караганды
Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің негізінде қалыптасқан халықтық медицинаның даму тарихы туралы айтылады. Халықтық медицина-этнографиялық құбылыс. Ғасырлар бойы әр халық өзінше дамыды, өздерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұстана отырып дамып, халықтар әртүрлі аурулардан құтылу жолдарын іздеді. Көшпелі халық, өмір сүру барысында түрлі аурулармен бетпе бет келді. Адамдар аурудың себептерін табуға, олардың алдын-алу және күресу тәсілдерін жасауға, өз емдеу әдістерін табуға тырысты. Қазақ дәстүрлі медицинасының қалыптасуына халықтың көшпелі өмір салты әсер етті. Осыған сүйене отырып, емшілердің өздері қалай емдеу керектігін және қандай құралдарды қолдану керектігін анықтады. Мақалада қазақ халқының емдеудегі медициналың әдіс-тәсілдерін күнделікті тұрмыста қолдануын зерттеген ғалымдардың ой-пікірі айтылады. Зерттеудер нәтижесі қазақ халқында медицинаның ерте кезден-ақ болғандығын дәлелдейді. Адам анатомиясы туралы білімі, жүрек қағысы арқылы диагноз қоя білуі, аурудың алдын алуда профилактикалық тәсілдер мен батыста «революциялық жаңалық» деп танылған антибиотикті қолдануы, түрлі аурудардың генетикалық жолмен таралатынын ескеріп жеті атаға дейін қыз алысып-беріспеуін дәстүрге айналдыруы, эпидемия таралғанда ауру өршіп кетпес үшін бүтін бір ауылды белгі қою арқылы карантинге жабуы, кіші хирургиялық ауруларға жататын сырқаттарды түрлі тәсілдермен емдей алуы халықтың қаншалықты деңгейде медицинаны меңгергендігін айқындайды. Мақалада патшалық Ресей заманында қазақ даласында болған орыс дәрігерлерінің халқымыздың емдік шараларына таңданысы мен оны ғылыми тұрғыда растауы да келтірілген.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ахатова, А., Сәкен Аралбай і Абдрахманова К.Ж. 2024. ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.006.