Мақалада Сырдарияның ортаңғы ағысындағы қаңлы кезеңінің ескерткіштерінде анықталған ғылыми әдебиеттерде ғұн және сармат тайпайларына тән деп сипатталатын рухани – дүниетанымдық компоненттер қарастырылған. Ғұн компоненті ретінде бас сүйегі жасанды түрде деформацияланған қаңқалар негізге алынса сармат компоненттері ретінде ромб және аяғы айқасқан қалыптағы жерлеулер негізге алынған. Бұл компоненттердің Сырдарияның ортаңғы ағысына қалай енгендігі түсінікті болу үшін теориялық мәліметтер келтірілген. Нақты айтар болсақ бұған ғұндардың батысқа қарай жылжуы және Ахаменидтер мен Арал жағалауындағы массагеттердің қақтығысынан кейін орын алған қоныс аудару процестері себеп болғандығы айтылған. Осыдан кейін қаңлы ескерткіштеріндегі сарматтардың рухани-дүниетанымдық компоненттеріне кезек берілген. Бұл тарауда қаңлы қорымдарынан анықталған ромб және аяғы айқасқан қалыптағы жерлеулер талқыланған. Аталмыш жерлеулер Батыс Қазақстан, Арал маңы, Қаратеңіздің солтүстігі және т.б. аймақтардағы аналогтарымен салыстырылған. Сонымен қатар бұл жерлеулердің семантикасына байланысты болжамды ойлар айтылып, бұрыңғы адамдардың жерлеу дәстүрі құндылықтарының реконструкциясы жасалған. Ал, мақалада Арыс өзені жағасы мен Отырар аймағынан табылған бас сүйегі деформацияланған қаңқалар ғұн компоненті ретінде қарастырылған. Бұл ғұрыптың Батыс Қазақстан, Мысыр және Жерорта теңізі жағалауында да бар екендігі анықталған. Адамдардың бас сүйекті деформациялаудағы мақсатының не екендігі жөнінде мәліметтер берілген.
ҚАҢЛЫ ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ҒҰН ЖӘНЕ САРМАТ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ РУХАНИ-ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ (СЫРДАРИЯНЫҢ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ)
Жарияланған October 2023
73
111
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Гурсой, М. 2023. ҚАҢЛЫ ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ҒҰН ЖӘНЕ САРМАТ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ РУХАНИ-ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ (СЫРДАРИЯНЫҢ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.019.