Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БАТЫС ЖӘНЕ ТМД ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ДЕПОРТАЦИЯ САЯСАТЫ

Жарияланған October 2023

85

84

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа

Осы мақалада Кеңестік депортация саясатының тарихнамасының шетелдік ғалымдардың еңбектерінде зерттелуі туралы мәселе жан-жақты  қарастырылды. Әлемдегі қайта-қайта орын алған соғыстар мен азаматтық қақтығыстар, сонымен қатар табиғи апаттардың салдарында халықтарды қоныс аудару немесе депортациялау бір мезгілде ғана емес, ол ұзақ уақыт бойы жүргізілген құбылыс.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін депортация тарихын зерттеу кеңес тарихшылары үшін қыйынға соқты, архив материалдарын алу мүмкіндігі болмады, тіпті бұл тақырыптарды зерттеуге тыйым салынған болатын. Сондықтан да бұл тақырыптарды зерттегендердің алғашқылары шетелдік ғалымдар болды. Тақырыптың хронологиялық шеңберіне және мәселелерді зерттеу географиялық шеңберіне сүйене отырып, барлық қол жетімді әдебиеттерді зерттеу объектісі бойынша біріктірілген 2 үлкен топқа бөлуге болады: КСРО ыдырағаннан кейінгі деректер 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін және Шетелдік авторлардың еңбектері. 1980 жылдардың соңынан бастап ТМД мен Ресейден басқа да елдердің орталық, өңірлік мұрағаттарында құпия ретінде сақталған құжаттардың қорларына қол жеткізуге мүмкіндік берілуі көптеген ғалымдардың депортация саясатының тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттырды. Сондықтан да осы кезеңнен кейін зерттеулер мен ғылыми жұмыстар жарық көре бастады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сенгирбаева, З. 2023. БАТЫС ЖӘНЕ ТМД ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ДЕПОРТАЦИЯ САЯСАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.034.