Мақаланың мақсаты – Қазақстанның ірі тарихи ескерткіштерінің бірі «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қалыптасуы мен даму тарихына ғылыми талдау жасау. Сонымен қатар, аталған мұражайдың қазіргі таңдағы қызметінің рухани-қоғамдық аспектілеріне өзіндік көзқарас таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі музейдің қалыптасуы мен дамуының маңыздылықтарын айқындайтын тарихи-рухани себептердің мәнін айқындау. Бүгінгі таңдағы мұражайдың мемлекеттік және қоғамдық кеңістіктердегі рөлін бағалауда өзекті болып табылады. Мұражайға келушілердің статистикалық деректерін сараптау және ортақ пайымға келуді алға қоямыз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі ретінде қазіргі ақпараттық және жаһандық қозғалыстардағы рухани-мәдени сананың қысымға ұшырау салдарларына жол бермеуді атар едік. Әсіресе өскелең ұрпақты ақпараттық толқындардың ағымынан сақтау және ұлттық мәдени болмыстарын жоғалтпауға тәрбиелеудің көзінің бірі ретінде мұражайлардың қызметін алға тартамыз. «Әзірет-Сұлтан» мұражайының тарихи-мәдени ресурстарын өскелең ұрпақтың санасына дұрыс жеткізе білу олардың бойындағы рухани құндылықтарды байыта түсетіндігі анық.
Зерттеудің нәтижесінде «Әзірет-Сұлтан» мұражайының тарихи қалыптасу және даму жолдарына жана талдау жасалынды. Сонымен бірге, мұражайдың бүгінгі күндегі тарихи-рухани қызметіне түрлі мысалдар негізінде баға берілді. Мұражайларды дамыту ісінің болашақтағы мәніне қатысты пікірлер айшықталды.