Ресей мен Вьетнам Социалистік Республикасы (ВСР) арасында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қойылған. 2001 ж. Стратегиялық әріптестік туралы Декларация негізгі құжат болып табылады. Оның негізгі мақсаты жаңа халықаралық жағдайларда ынтымақтастықты дамыту. Вьетнам Азия-Тынық мұхиты аймағының (АТА) экономикалық дамуындағы көшбасшылардың бірі болып табылады, бұл өзге елдер мен сауда-саттық серіктестіктер мен шетелдік инвестициялардың ұлғаюына әкелді. COVID-19-ға дейін экономикалық өсу жылына 6–7% құрады, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Мемлекет өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен қаржы секторларында, әлеуметтік салада сенімді түрде реформалар жүргізуде. Вьетнам мен ЕАЭО 2016 ж. күшіне енген еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды. Еуразиялық интеграция жағдайында Вьетнам мен Ресей жан-жақты ынтымақтастықты, оның ішінде сауда-экономикалық қатынастарды белсенді дамытуда. 2020 ж. Вьетнам мен Ресей арасындағы тауар айналымы 5,7 млрд АҚШ долларын құрады (бұл Вьетнам мен ЕАЭО елдері арасындағы жалпы тауар айналымының 80%-дан астамын құрайды). Қазіргі кезеңде қарым-қатынастар өзара тиімділікке негізделген және де экономика мен энергетика саласындағы ұзақ мерзімді мүдделер сипатына ие. Екі мемлекет арасында өзара құқықтық негіз қалыптастырылды. Ол әр түрлі салалардағы стратегиялық жан-жақты серіктестік пен қарым қатынастар орнату үшін көптеген мүмкіндіктер береді.
РЕСЕЙ МЕН ВЬЕТНАМДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған October 2023
134
113
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Ресей, Вьетнам, сыртқы сауда, қарым-қатынас динамикасы, еуразиялық интеграция,инвестициялар.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бокаева, А. 2023. РЕСЕЙ МЕН ВЬЕТНАМДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.007.