Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АВСТРО-ВЕНГРИЯНЫҢ АЗАМАТТАРЫ БАТЫС СІБІР ҚАЛАЛАРЫНДА (1900-1917 жж.): БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

Жарияланған June 2021

130

104

Аңдатпа

Австро-Венгрия азаматтарының Ресей империясы аумағында пайда болуы 1880-1890 жылдардағы капиталистік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Австро-венгриялық қоныс аударушылар революцияға дейінгі Ресейдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосты.
Мақалада Австро-Венгрия азаматтарының Батыс Сібір қалаларында болу себептері, сондай-ақ, олардың осы аймақтың қоғамдық-экономикалық ахуалына ықпалы қарастырылады. Австро-венгриялық қоныс аударушылар, басқа еуропалық елдерден Ресейге келушілер секілді жаңа кәсіпкерлік тәжірибе, озық технология, батыс мәдениетінің өзіне тән тасымалдаушылары ретінде аймақ өмірінде орнын айқындады. Австро-Венгр жерлерінен келген иммигранттардың ұрпақтары, Батыс Сібірдің көпұлтты құрамының бөлігіне айналды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сугирбаева, Г. 2021. АВСТРО-ВЕНГРИЯНЫҢ АЗАМАТТАРЫ БАТЫС СІБІР ҚАЛАЛАРЫНДА (1900-1917 жж.): БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.17.