ХІХ ғасыр ірі әлемдік державалардың империялық экспансионизмге ұмтылуымен айқындалатын маңызды маңызды кезең еді. Орталық Азия осы дәуірде стратегиялық аймаққа ал империялық Ресей өңірдегі үстемдікке белсене кіріскен күшке айналды. 1853 жылы Ақмешіт бекінісін жаулап алу Ресейдің Орталық Азияға үстемдікке ұмтылуын байқататын шешуші уақыт болатын. Алайда бұл жаулап алу тек империялық әскери күштің ғана емес, сонымен қатар жергілікті қазақ рулары мен ақсүйектердің белсенді қатысуы мен ықпалы арқасында жүзеге асты.
Бұл зерттеу патшалық Ресейдің Ақмешіт бекінісін жаулап алуына қазақ руларының тартылу себептерін анықтауға бағытталған. Зерттеудің негізгі сұрағы: Қазақ рулары мен олардың ықпалды билеушілерінің белсенді қатысуы Ақмешіт бекінісін жаулап алуға қаншалықты дәрежеде ықпал еткен? Осыған орай негізгі зерттеу негізінде қалыптасқан тұжырымымыз бойынша жаулап алу колониалдық билік пен жергілікті қазақтардың өзара ынтымақтастығының, стратегиялық қарсылықтың және әртүрлі мотивтердің түйісуінің нәтижесі.
Мақалада қазақтардың әскери жорықтарға тартылуы, отаршылдық әкімшілікке қарсылығы оның ішінде өзара ынтымақтастық пен қарсылық талдауға алынады. Атап айтқанда, қазақ ақсүйектері материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жеңілдетуде, жол көрсетуші қызметін атқаруда және әскери жорықтарға көмектесуде шешуші рөл атқарды.