Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Т.И. СЕДЕЛЬНИКОВ ТУРАЛЫ ЖАДЫ: АУЫЗША ЕСТЕЛІК АРҚЫЛЫ ӨТКЕНДІ ҚАЙТА БЕЙНЕЛЕУ

Жарияланған December 2023

64

89

Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Аңдатпа

Кіріспе. Мақала ауызша куәлік арқылы Т.И. Седельников туралы тарихи жадты зерттеуге арналған. Алматыдағы көшеге Т.И. Седельниковтің есімін беру оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихындағы рөлін қарастыру қажеттілігін жаңа деңгейге  көтерді. Зерттеудің мақсаты мен міндеті – Тимофей Иванович Седельниковтің тұлғасы мен қызметін оның ұрпақтарының ауызша естеліктері арқылы Қазақстандағы аграрлық тарих  контекстінде зерттеу. Еске алудың заманауи тәжірибесі тарихи жады мәселесін өзектілендіре түсетінін және түрлі ұлттардың елеулі  қайраткерлері туралы білім берудің қажеттілігін айқындайтынын көрсету. Нәтижелері. Сұхбатты талдау аграрлық мәселелерге қатысты ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан туралы тарихи шындықты ашуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар тарихи жады алдын ала анықтай отырып бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін ауызша тарихи деректерді пайдалану үлгісін және қазіргі Қазақстандағы жергілікті емес ұлт өкілдеріне деген қатынасты да бағыттайды. Қорытындылар.  Ауызша әңгімелеу Т.И. Седельников туралы архив материалдарын айтырлықтай толықтырады және оның қоныс аудару саясатындағы рөлін ашады. Ауызша естеліктер өткеннің бейнелерін қайта көрсетуді кеңейтеді және сондай-ақ жады саясатына және қазақстандықтардың бірегейлігін сақтау және дамыту стратегиясын әзірлеуде ұлттық саясатқа жанама ықпал етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Белоус, С. і Тлеубаев 2023. Т.И. СЕДЕЛЬНИКОВ ТУРАЛЫ ЖАДЫ: АУЫЗША ЕСТЕЛІК АРҚЫЛЫ ӨТКЕНДІ ҚАЙТА БЕЙНЕЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 78, 2 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.028.