Адамзат тарихында Бірінші дүниежүзілік соғыс әлемдік империализмнің дағдарысқа ұшырауына және империялар арасында шиеленіскен тартыстарға байланысты туындады. Қазіргі кезде соғыстың шығу себептері және саяси-әскери блоктар арасында одақтастық тақырыбында жаңа ғылыми мәселелер көтерілуде. Солардың бірі, соғыс кезінде Осман империясы мен Кайзерлік Германияның саяси-әскери одақтасуы болды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап тығыз ынтымақтастықта болған түріктер мен немістердің байланыстары уақыт санап дамыды. Осының нәтижесінде Бірінші Дүниежүзілік соғысқа келіп екі мемлекеттің саяси-әскери байланыстары одақтастық деңгейге көтерілді. Соғыс басталған тұста қабылданған келісімшарт бойынша Осман империясы мен Германия одақтасты және түріктер Үштік Одақтың жанында соғысқа кірісті. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, Бірінші Дүниежүзілік соғыста Осман империясы мен Германияның одақтастық келісімшартының қабылдану мәселелері мен оның тарихы қарастырылады. Одақтастық келісімін қабылдауда тараптар арасында туындаған мәселелерге жаңаша ғылыми талдау жасалады. Осман мемлекетінің Бірінші дүниежүзілік соғысқа кірісуінің алғышарттары мен себептері бойынша жаңа тұжырымдар қабылданады. Тараптар арасындағы саяси ұстанымдар мен принциптер айқындалып және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман мемлекетінің стратегиялық жоспарлары зерттеледі.
БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТА ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ОДАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған April 2024
105
131
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Бірінші дүниежүзілік соғыс, Осман империясы, Германия, Үштік Одақ, Одақтастық, Әскери блок.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Abdukadyrov, N., Aldibaeva A.B. і Akynova A.P. 2024. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТА ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ОДАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.009.