Мақалада Селжұқ мемлекетінің негізін оғыздардың қынық руынан шыққан Селжұқ қалағандығы және сонымен қатар Сельжұқ империясындағы ішкі әлеуметтік саясат-елдегі дағдарыстың алғышарты ретінде(ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ ғ. басы) қарастырылады.
Аталған мемлекет адам атымен аталған еді. Селжұқ әкесі Дукактан кейін әскер басы болып, оғыз жабғулармен келісе алмай 935 жылы өзіне қарасты ру тайпаларымен бірге Жент қаласына қоныс аударып, орналасты. Жент қаласының тұрғындары сол кезеңде Ислам дінін қабылдап біткен еді. Жент қаласының тұрғындары сол кезеңде Ислам дінін қабылдап біткен еді. Сондықтан Жент айналасына қоныс тепкен Селжұқ мұсылмандықты тез арада қабылдап алды. Ол қысқа мерзімде өзіне қарасты әскер бірліктерін жинап, қуаттана бастады. Сонымен қатар оғыздардан бөлініп шыққан басқада бірлесітк тайпаларды қоса бастады. өз кезеңінде ол ұлы Арсланды жіберіп, Саманұлдарына Қарахандықтарды қирату үшін көмекке аттандырады да Мауеранахрға орнығады.Мемлекеттің тірегі болып отырған армияны жер үлесімен (икта), жалақымен, сыйлықтармен, азық-түлікпен, қару-жарақпен, киім-кешекпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін сұлтан үкіметі кандай шығындарға болса да барды. Икта системасының армияда кең таралуы халық жасақтарының орнына маманданған тұрақты жалдамалы армия құруға мүмкіндік берді
СЕЛЬЖҰҚ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ІШКІ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ – ЕЛДЕГІ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛҒЫШАРТЫ РЕТІНДЕ (ХІ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХІІ Ғ. БАСЫ)
Жарияланған June 2021
147
158
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Мемлекет, сұлтан, соғыс, міндет, экономика, динар, заң,халық, форма, сауда, қару-жарақ.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Джумадуллаева , А. і Зұлпыхарова , Э.Ө. 2021. СЕЛЬЖҰҚ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ІШКІ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ – ЕЛДЕГІ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛҒЫШАРТЫ РЕТІНДЕ (ХІ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХІІ Ғ. БАСЫ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.18.