Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

САРЖАН ҚАСЫМОВ КӨТЕРІЛІСІ (1824-1836 жж.) ҚАЗАҚ ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ

Жарияланған April 2023

316

314

С.Сейфуллин атындағққы Қазақ агротехникалық университеті
Аңдатпа

Отандық тарихымыздағы эволюциялық өзгерістер жан-жақты тарихнамалық зерттеулерді қажет етеді. Оның ішінде күрделі әрі көп қырлы болып табылатын Жаңа дәуір, мұның себебі: қазақ-орыс қатынастарымен байланысты. Орыс отаршылдығына қарсылық білдірген тарихи тұлғалар саяси-қоғамдық өмірде орталық фигура бола бастайды. Сондықтан олар өмір сүрген тарихи кезеңнің ерекшеліктерін тұсіну үшін атақты тарихи тұлғалардың өмірін, қоғамдық-саяси қызметі мен әрекеттерін талдау өте маңызды болып табылады. Мақалада қазақтың соңғы ханы Кенесарының үлкен ағасы Саржан Қасымов көтерілісінің тарихына тарихнамалық шолу жасалған. Осы тақырыпты зерттеу барысында тарихнамалық шолу екі кезеңге бөлініп көрсетілген. Әр кезеңнің маңызды айтарлықтай ерекшеліктері бар. Бірінші кезең – ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басындағы революцияға дейінгі зерттеулер. Екінші кезең – революциядан кейінгі кеңестік дәуірдегі тарихнама. Үшінші кезең – қазіргі отандық тарихнама. Бірақ бұл мақалада автолар проблемалық-хронологиялық принципке негізделе отырып, алдымен отандық тарихнамадағы зерттеулерге назар аударды. Қазақ халқының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсылығы және соны басқарған тұлғалар туралы сұрақтар қозғалған ғылыми жарияланымдар қарастырылып талқыланды.1822 жылы Қазақ хандығының Орта жүзіндеде Сібір қырғыздары туралы Жарғы енгізілгеннен кейін, 1824 жылы алғашқы округтер құрылып, Саржан Қасымов бастаған көтеріліс басталды. Оның тұлғасы да,  басшылығындағы ұлт-азаттық көтерілістің тарихы да «артқа ысырылып»,  Кенесары Қасымовтың жарқын тұлғасы алдында әлі де «көлеңкеде» қалып отыр. Алайда, мынадай сұрақ туындайды: 1836 жылы ағасы Саржан опасыздықпен өлтірілмесе, Кенесары Қасымов тарихи кезеңге аяқ басар ма еді? Қазақ жерінде орыс әскерлерінің қозғалысына қарсылықтың қуатты орталығын құра білген батыр Саржан тұлғасына лайықты оң баға беру керек. 1824 жылдан 1836 жылға дейін оннан астам, дәлірек айтсақ, 12 жыл бойы орыс патшалығының қазақ даласына ілгері жылжуын және қазақ мемлекеттілігінің дәстүрлі институттарына қарсы бағытталған жаңа тәртіптердің орнауын тежеген де ол. Қазақ даласына жаңа әкімшілік тәртіптің енгізілуін тоқтатуға тырысқан Саржан Қасымов көтерілісі болды. Мақала материалдары Саржан батырдың тұлғасы мен көтеріліс тарихына қатысты ғылыми зерттеулерге негізделген. Тарихнамалық талдау нәтижесінде автор Саржан батыр өмірінің соңғы сағатына дейін тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі идеясына адал болған ұлттық тарихтағы жарқын тұлға деген тұжырымға келеді. Ширек ғасырға жуық уақыт – 1824 жылдан 1836 жылға дейін созылған ұзақ тарихи кезеңдегі аты аңызға айналған хан Абылайдың немерелері Қасымов сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалысының отаршылдыққа қарсы болмысының негізін қалаған ол.

pdf