Диалог дегеніміз екі адамның үйлесімді, бейбіт өмір сүруі үшін сөйлесуі, әңгімелесуі. Жалпы адамның өмір сүруі деген сөз оның қарым қатынас жасай алуы деген сөз. Өмір сүру сөйлесу. Ал конфессияаралық диалог дегеніміз түрлі әлемдік діндер, мәдениеттер, менталитеттердің бір қоғамда өзара әрекет етуі, араласуы, бір бірін қабылдай алуы. Конфессияаралық диалогтың мақсаты адамдарды жаңа сенімге біріктіру емес, түрлі сенімдегі адамдарды ортақ қоғамда бейбіт өмір сүруге біріктіру. Дін мен саясат екі түрлі ұғым болғанымен, қоғамда өзара тығыз байланысқан ұғымдар. Оны бүгінгі заман талабы дәлелдеп отыр. Мақалада қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық қатынас-тың ерекше үлгісіне философиялық тұрғыдан пайымдауға ұмтылыс бар. Оның әлеуметтік, мәдени, онтологиялық аспектілеріне мән беру мәселесі көтеріледі. Қазақстан халқы діни салада тұрақты-лықты сақтай алды. Көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет болғанына қарамастан, рухани үйлесімді бекіте алды. Қазақстан әлемге діннің қоғамдағы рухани келісімді сақтаудағы, жалпы адами құндылықтаға негізделген ұлттық бірлікті сақтаудағы рөлін паш етіп отыр. Қазақстандық конфессияаралық үлгі түрлі діни конфессиялардың толық өзара түсінік пен сыйластыққа жетіп бірге бейбіт өмір сүре алатынын, дами алатынын дәлелдеп отыр.
ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Жарияланған April 2023
73
66
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
диалог, конфессияаралық қатынас, дін, саясат, қоғам, қазақстандық қоғам, қазақ-стандық үлгі, тұрақтылық.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аманиязова, Б. 2023. ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 75, 3 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.009.