Бұл мақалада Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847-1920 жылдары өмір сүрген қазақтың көрнекті қайраткері, ақын, алаш ардақтысы ретінде сөз қозғалады. ХХ ғасырдың басы қазақ зиялылары үшін қиын қыстау кезеңдерінің бірі, осы кезең де Ш. Бөкеевтен де айналып өте алмады. 1905-1907 жылдардағы орыс буржуазиялық төңкерісі, 1916 жылдағы ұлт-азаттық көтерілісі, орыс-жапон соғысы, орыс - түрік (Балқан) соғысы, 1917 жылдағы ақпан, қазан төңкерістері, 1918-1920 жылдардағы азамат соғысы бұлардың барлығы да Шәңгерейдің тұсында болған ірі уақиғалар. Шәңгерей сияқты ақындардың бұл сияқты ірі оқиғаларда селт етпей қалатын жөні жоқ.Өз кезеңінде Алаш зиялыларымен етене жақын араласып, ақын өлең-жырлары арқылы халықты оянуға, ғылым-білімге ұмтылуға, ата-баба құндылығын жалғастырушы, көзі ашық, көкірегі ояу жастардың көп болуына ат салысты. Оған дәлел: Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды. Шәңгерей мектеп ашып, онда білікті білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Оралда «Қазақстан» газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.Бірақ осындай ұлы тұлғаның, өз кезеңінде, ХХ ғасыр Кеңес Одағы тұсында дұрыс бағасын ала алмады. 1947 жылы қаңтардың 21-інде Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» деген қаулысы бойынша Ш.Бөкеевке «революцияға дұшпан буржуазиялық-ұлтшыл Алашорда партиясының қайраткерлерінің бірі» – деген баға берілген еді.
Тіл
English
Кілтті сөздер
Шәңгерей Бөкеев, Алаш зиялысы, ақын, қоғам, өлең.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Берікболова, А. 2023. АЛАШ ӨКІЛІ ШӘҢГЕРЕЙ БӨКЕЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.033.