Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы мен жастүріктер қозғалысының саяси, идеялық ықпалындағы олардың бағдарламалық құжаттары, саяси күрестегі ұстанған қағидалары, жүргізген үгіт-насихат жұмыстарының сабақтастығынан аңғарылады. Ал идеядан нақты іс-әрекетке ұласқан өзара ықпалдастықты мынадай мәселелерге талдау жасау барысында көз жеткізуге болады. Біріншіден Түркістан ұлт-азаттық қозғалыстың қарулы кезеңі болып саналатын басмашылық қозғалысқа Энвер паша бастаған жастүріктер өкілдерінің тікелей қатысуы; екіншіден түркістандық қайраткерлердің басмашылық қозғалысқа саяси басшылық жасау әрекеттері. Осы факторлар арқылы екі қозғалыстың ықпалдастығы зерттеу жұмысымызда айқындалады. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы Энвер пашаның орны мен рөлі ерекше еді. Ұлт-азаттық қозғалыстың бағытын өзгерткен тағы бір маңызды оқиға, ол Энвер Пашаның Түркістанға келуі болды. Жалпы, шетелдік, соның ішінде Түркиялық ортазиялық тарихнамаға жасалған талдаулар көрсеткендей Энвер Пашаның тарихтағы алар орны мен атқарған рөліне берілген бағалар бір-біріне кереғар, қайшылықты сипатта болып келеді. Ал оның Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы атқарған қызметі туралы көзқарастар да осы сарында айтылады. Біз зерттеуіміздің қорытындысы бойынша Энвер Паша - Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы қарулы кезеңінің дем берушісі деген тұжырым жасауға болады.
ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ ЭНВЕР ПАШАНЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Жарияланған October 2023
79
68
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Түркия, Орта Азия, Түркістан, Бұхара, Энвер паша, Кеңестік билік, ұлт-азаттық қозғалыс.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Базарбаев, К. 2023. ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ ЭНВЕР ПАШАНЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.029.