Мақалада Шоқан Уәлиханов зерттеулеріндегі қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің шығуы мен Қазақ хандығының құрылуы туралы мәселелер қарастырылды. Ғалымды «қазақ» этнонимі, рулар мен тайпалардың этимологиясы, қазақ халқының құрылу үдерістері мен кезеңдері туралы мәліметі айрықша қызықтырды. Ш. Уәлихановтың пайымынша «қазақ» сөзі Шыңғыс хандәуіріне дейін, түркі заманында өмір сүрген. Бұл ұғым «еркін» деген мағынада қолданылған. Ғалым «қазақ» ұғымына этноәлеуметтік мән берген. Ғалымның аталған мәселе төңірегіндегі тұжырымдары өзіне дейінгі және өзінен кейінгі ғалымдардың нәтижелерімен салыстырғанда ақиқатқа барынша жақын болды. Ол қазақ халқының шығу тегі мен қазақ хандығының қалыптасуы туралы зерттеулерін кадет корпусында оқып жүрген кезде зерттей жүріп, кейін оны «Қырғыз шежіресі» және тағы басқа зерттеулерінде дамыта түскендігі нақты тұжырымдар негізінде дәйектелді.
Ш.УӘЛИХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ» ЭТНОНИМІ МЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР
Жарияланған October 2023
116
109
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Шоқан Уәлиханов
қазақ
Қазақ хандығы
этноәлеуметтік
этногенез
Қазақ шежіресі
ру-тайпа
Орталық Азия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Серубаева, А. 2023. Ш.УӘЛИХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ» ЭТНОНИМІ МЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.030.