Бұл мақалада 19-ғасырдың ІІ жартысы мен 20-ғасырдың басындағы Ресей империясы тұсында Жетісу аймағындағы отаршылдық саясаттың жүзеге асырылуы атап көрсетілген. Сонымен бірге облыста орыс приход мектептерін ашу мақсаты мен орыс әкімшілігінің оқу-ағарту саласында жүргізіп отырған саясаты айқындалуда. Облыста жаңадан ашылған орыс мектептерін көрсету арқылы мұсылмандық оқу жүйесінің біртіндеп қысқарған жаңалықтарын көрсетуде. Патшалық Ресейдің оңтүстік өңірді әскери отарлауымен қатар жергілікті қазақ халқының «рухани азаматтығында» сақталуы көрсетілді. Орыс саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектерін талдай отырып, отаршылдық саясаттың жалпы білім беретін оқу орындарында жүргізілгенін, бұл ең алдымен оқушылардың дінге деген көзқарасын өзгерткенін байқаймыз. Жетісу қалалары өлкедегі негізгі білім ошақтарына айналды. Орыс үкіметі, әрине, қазақ халқының оқу-ағарту саласының дамуына өз үлесін қосты. Олар қазақтарға орыс тілін үйретті. Ал бұл жергілікті қазақ халқының тілге бейімделуін білдіріп, соның негізінде Түркістан өлкесінде орыстандыру саясаты жүргізілді. Орыс саяхатшыларының шығармалары арқылы 19 ғасырдың ортасы мен 20 ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі мәдени өмір суреттеледі.
ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ (ОРЫС САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ (ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басында)
Жарияланған April 2023
100
124
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Жетісу, отарлау, медресе, орыс саяхатшылары.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кукетова, А. 2023. ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ (ОРЫС САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ (ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 75, 3 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.018.