Мақалада Кіші жүз ханы Әбілқайырдың саясаткерлігі мен дипломатиялық әрекеті туралы айтылады. Қазақ хандарының дипломатиялық қызметі жалпы әлемдік тарихтағы дипломатиялық қызмет тұрғысынан алғанда өзекті тақырып болып табылады. Осыған орай мақаланың негізгі арқауы ХУІІІ ғасырда қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Әбілқайырдың дипломатиялық қызметі.
Мақалада ХУІІІ ғасырдағы геосаяси жағдайда, отарлану қаупі, жан-жақтан төнген агрессиялық шапқыншылықтар кезінде ел билеушілер нақты шешім қабылдауы қажет болды. Осыған орай мақалада Әбілқайырдың қазақ мемлекеттегін сақтау, елді қорғау мақсатында Ресейді одақтас ретінде пайдалану үшін келісімге бару, сонымен қатар Хиуа, Жоңғар хандықтарымен дипломатиялық қатынастың келіссөз, династиялық неке сияқты түрлі әдістерін қолдану әрекеттері туралы айтылады.