Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫР КӨШПЕЛІЛЕР МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ

Жарияланған March 2023

69

81

Аңдатпа

Мақалада қарастырып отырған негізгі мәселеге тоқталатын болсақ, Қазақстанда сақ-сармат ерте көшпенділер дәуіріндегі мәдениеті мен сәулет өнерінің алғы-шарттары, құрылыс, көркемдеу ерекшелігін саралаймыз.

Қазақстан аумағында жер бетіне ағаштан құрғызылған ежелгі сәулет-құрылыс өнерінің бірігей ескерткіштері болып саналатын б.з.б. V ғасырларға жататын қорымы жатады. Ежелгі тұрғындардың жерлеу ғұрыптарына байланысты үйінділер, қорымдар, мазарлар, кесенелер қазақ сәулет өнерінің негізгі бастамасы деп ғылыми тұрғыдан қарастыруға болады.

Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазба барысында табылған қорымдар, бейіттен, қала,  елді – мекен зерттеудің негізгі нысаны болып табылады. Соның ішінде Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана [1]. Акишев К.А. Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или[2] З.Самашев, Г.Базарбаева, Г.Жумабекова, С.Сунгатай «Берел»[3]. Г.Нұрғалымова «Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті»[4].

Зерттеу еңбектерде ежелгі ағаштан ұқсатылған бұйымдардың – ағаш табыт, аң стильде мүсіндер, сәулет құрылысының бөренелері, наным-сенімге қатысты жәдігерлер көрініс тапқан.Осы жәдігерлер арнайы ізденіс пен ғылыми талдауға негіз болады. Ең бастысы айтылып отырған ағаштан ұқсатылған бұйымдардың жасалу техникасы, қолданылған құрал-саймандар, оймыштаудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады.

Еңбекте қазақ халқының ежелгі мәдениеті, сәулет өнері, қол өнері, тұрмыс-тіршілігі, ағаш ұқсату, техникасы, оймыштау өнері, ою-өрнектердің орналасуы,қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті ауқымды, оның дамуының басты салалары шаруашылық-тұрмыстық, діни наным-сенім және жерлеу ғұрпы жағынан қаралады.

 

PDF (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Bekeshov, S. 2023. ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫР КӨШПЕЛІЛЕР МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 75 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/7417.2022.96.23.021.