Мақалада жастар- қоғамдағы өзгерістердің басты факторы екендігі және ондағы масс медианың алатын орны қарастырылған. Қазақстан қоғамның саяси кеңістігі ақпараттық-коммуникативтік үрдістер-дің көпдеңгейлі жүйесіне айналды. Биліктің мақсаттарын көздейтін БАҚ, оппозициялық партиялардың идеологиясы, бизнес элитаның дүниетанымы мен жалдамалы еңбекші әлеуметтік топтар мүдделерін көздейтін БАҚ, азаматтық қоғам идеологтары т.б. топтар мүдделерін көздейтін БАҚ бағытына қарай бқлініп отырған. Осының арасында, әрине, биліктің БАҚ-дары басымдылық көрсетіп Қазақстанның демократиялық мемлекетке бейбіт жолмен эволюциялануының идеологиясы мен саясатын жарнамалады және уағыздады. Сол арқылы билік тұрғындары өз саясаты соңынан ертіп демократиялық мемлекетті тез құрудың мәселелерін шешті. Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді Масс-медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесуі және өзара түсінісуіне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономика-лық, әлеуметтік-мәдени және өзге де саладағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған ауди-торияға паш етіп жатыр. Масс-медиа – көп ақпарат тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатамыз.
БАҚ қоғамдағы қайшылықтарды, кемшіліктерді және шешімін таппаған мәселелерді батыл көтеруі-не елдің жуналистер корпусының кәсіби мамандығының шыңдалуы және олардың сөз бостандығын, цензураның болмауын кең көлемде пайдалана алуы көмектесті. Әлеуметтік-саяси жүйенің демократиза-циялануы электрондық және баспа БАҚ материалдық және финанстық-экономикалық база жасауға көмектесті. Түрлі билік институттарының төңірегіне орналаса бастаған БАҚ өз имидждерін қалыптас-тырып, өздері жазатын тақырыптар бағыттарын таңдады. Ұлттық саяси-медиа жүйесі тікелей демократия органының миссиясын атқара бастады.