Мақалада қазақ халқының көрнекті тұлғаларының бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның эпистолярлық мұрасы қарастырылады. Әбілқайырдың тұлғасына байланысты көптеген ғылыми еңбектер жарияланған және зерттеуші-ғалымдар оның ұстанған саясатына, әсіресе Кіші жүздің Ресейге қосылу мәселесіне әртүрлі баға береді. Кеңестік дәуірде Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтың ұстанған субъективті көзқарасының негізінде Әбілқайырдың тұлғасына біржақты ой қалыптасты. Ханның тұлғасына байланысты қалыптасқан біржақты көзқарасты өзгертуде белгілі ғалым И.В. Ерофеева үлкен еңбегін сіңірді. Ирина Викторовна Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей империясымен жақындасуының себептерін дәлелді түрде түсіндіріп ұсынды. Ғалымның 2014 жылы шығарған «1675-1821 жылдардағы қазақ билеуші элитасының эпистолярлық мұрасы» екітомдық құжаттар жинағына енген Әбілқайыр ханның хаттары Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша зерттеушілер үшін құнды дереккөзі болып табылды. Автор мақалада Әбілқайыр ханның эпистолярлық мұрасы арқылы оның тұлғалық болмысын аша отырып, қызықты тарихи фактілерді келтіреді. Сонымен қатар Кіші жүз ханының саясаты мен қызметіне байланысты жаңа ғылыми жарияланымдар жан-жақты қарастырылады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Әбілқайыр хан
И.И. Неплюев
А.И. Тевкелев
аға хан
Кіші жүз
Ресей империясы
бодандылық
элита
эпистолярлық мұра
хат
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Baishuakova, A. 2023. ӘБІЛҚАЙЫР ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.029.