Мақалада XX ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін трагедиясының кейбір беттерін 3Dреконструкциялау мәселесі қарастырылған. Қазақ халқына қатысты Кеңес мемлекеті-нің қуғын-сүргін саясатына отандық ғылымда әлі күнге дейін толыққанды тарихи-құқықтық баға берілген жоқ. Осыған байланысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мәселесі өзекті болып табылады.
Сонымен бірге, мақалада ақпараттық технологиялар негізінде жүзеге асырылған тарихи-мәдени нысандар мен процестерді визуалды және виртуалды қайта құрудың шетелдік тәжірибесі де қарасты-рылады.
Зерттеу барысында виртуалды 3D реконструкциялаудың әдістерін сипаттауға, сондай-ақ дереккөз-дердің түрлеріне, негізінен архив құжаттары мен фотоқұжаттарға көп көңіл бөлінеді. Дереккөздерді 3D форматында өңдеу арқылы оны насихаттаудың тиімділігі назарға алынды. Бұл ретте зерттеудің құрылған дереккөздік базасы кеңестік тоталитарлық режим кезеңіндегі оқиғалар мен фактілерді ғылыми негізделген виртуалды 3D қайта құру үшін оның жеткілікті ақпараттық әлеуеті туралы қорытындыға келуге мүмкіндік берді.
Жұмыстың нәтижесі XX ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ халқының ашаршылық қасіретінің CloudPano, Pano2VR, 360degrees, 3 DVista және басқа бағдарламалық қамтамасыз етудегі фотограмметрия арқылы алынған виртуалды түрдегі қайта жаңғыртылған көріністері болып табылады.