Кез келген халықтың күнделікті өмірі мен мәдениетінде тарихи шығу тегі мен орындалу бөлімдеріне байланысты көптеген құбылыстар бар. Осындай құбылыстардың жарқын және көрнекті көріністерінің бірі франктермонархиясындағыкаролингтік қайта өркендеу болды. Ұлы Карлдың таққа келуімен каролингтік жаңа өркенет пайда болды. Карл сол замандағы барлық мәдениетті жинақтап, халыққа ыңғайлы қылып жасауға тырысты. Ол – антикалық мәдениет пен ерте ортағасыр мәдениетін жалғастырушы. Ұлы Карл дінді, білімді, сурет өнерін, архитектураны қатар дамытты. Өзі жазуды үйрене алмаса да, жалпыға ортақ монатрьлар мен шіркеулерде кітап жасап шығаруды қолға алып, мемлекетке қызмет атқаратын кез келген тұлғаның білім алуына көмектесті. Күрделі мәдениетті қарапайым, ыңғайлы, қолжетімді қылып қайта жасады. Әсіресе, сол заманда пайда болған жаңа пән сабақтарын бәріне ортақ латын тілінде жаздыртқанын айта кету керек. Каролингтер кезіндегі жазушылардың шығармалары кейінгі ортағасырларда білімге жаңа жол салып, кейінгі ғасырлардағы білімді адамдарға үлкен әсер етті. Келесі Х-ХІ ғасырларда батыс елдерінде білімді адамдардың жаңа оқу орындарын ашып, мәдениетке жаңа толқын алып келуіне әсер етті.