Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ –КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МЕНШІК МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУ ТАРИХНАМАСЫ

Жарияланған May 2021

70

55

Аңдатпа

Мақалада қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі орыс зерттеушілері мен шенеуніктерінің еңбектерін талдау негізінде көшпелілер арасындағы жеке меншік мәселесі кеңінен қарастырылады. Автор меншік мәселесі ресейлік ғалымдарының еңбектерінде арнайы қарастырылып зерттелмегенін, тек үстірт қарастырылғанын атап өтеді.. Осы кезеңдерде Қазақстан аумағын зерттеу толыққанды емес, тек Ресей империясы үшін стратегиялық маңызы бар мәселелер ғана зерттелді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресейдің шеткі аумақтарымен тығыз байланысты ғана мәселелер саяси деңгейінде зерттеу басталды. Нәтижесінде Ресей империясының шетін зерттеуге байланысты жұмыстар мен экспедициялар пайда бола бастады, оның негізгі мақсаты Қазақстан аумағынан орыс шаруалары үшін артық жерлер табу болды, бұл әсіресе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аса қарқынмен жүрді. Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеушілер көшпенділер - қазақтар арасындағы малға деген меншік мәселесі тек шаруашылықтың өзгеруімен қарастырды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді зерттеушілердің көпшілігі қазақтардың малға жеке меншігі болғандығы сөзсіз деп қарастыған. Қазан төңкерісіне дейінгі ғалымдар үшін жерге меншік мәселесі белгісіз болды және меншік мәселесін шешуде қиындықтар туғызды

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Иманбекова A. і Оспанов, Т. 2021. ҚАЗАҚ –КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МЕНШІК МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУ ТАРИХНАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).