Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚАСІРЕТІ МЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ АЛТАЙ МЕН СІБІРГЕ КҮШТЕП «ҚОНУЫ» ТАРИХЫНАН (ПАВЛОДАР ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Жарияланған September 2022

163

164

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басындағы қазақ халқының күштеп қоныс аударуына байланысты мәселелер қарастырылған. Кеңес үкіметінің «байлар» деп аталатындардың мүлкін тәркілеу және ауылшаруашылық өнімдерін жинау науқандарының нәтижесінде басталған алапат ашаршылық халықтың Қазақстаннан тысқары жерлерге жаппай қашуының және олардың
жаппай қырылуының детонаторына айналды. Бұл трагедия қоғамдық санада берік орныққан идеологиялық таптаурындардың салдарынан әлі де аз зерттелген. Қазіргі кезеңде ғылыми қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу және ақтау жөніндегі күш-жігерін біріктіруден көрінетін түбегейлі өзгерістер орын алуда.
Мақалада жаппай көші-қонның себептерін, жағдайларын, олардың бағыттарын, трагедияның ауқымы мен салдарын ашатын жазба және ауызша дереккөздер кешенін жан-жақты талдауға тырысады. Аймақтық ерекшеліктерін көрсету үшін Алтай өлкесі мен Батыс Сібірмен тығыз шектесетін Павлодар Ертіс өңірі алынды. Бұл өлкенің халқы аштықтан қатты зардап шекті. Басым көпшілігі ауылды жерлерде тұрып, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар болды. Оларды астық сатып алудың «қатыгез» жоспарларымен таңу, отырықшы өмірге күштеп көшіру, «иліктен шығару және тәркілеу» большевиктердің ұлттық шет аймақтарды кеңестік мүддеге бағындырудың репрессиялық тактикасын жасау болатын айқын мақсатының негізгі белгілері болып табылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
С.Н, М. 2022. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚАСІРЕТІ МЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ АЛТАЙ МЕН СІБІРГЕ КҮШТЕП «ҚОНУЫ» ТАРИХЫНАН (ПАВЛОДАР ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/6762.2022.22.41.002.