ХІХ ғ. Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісінде саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және қоныстанушыларды қоныстандыру істері қазақ даласында сыртқы округтарды ашу арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда округтардың ашылуы және қазақ даласының отарлануы кеңестік тарихнамада біржақты қарастырылды. Отандық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі бүгінгі көзқарас тұрғысынан толыққанды зерттеуді қажет етеді. Өйткені, Кеңес үкіметінің орнауына дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу тарихтағы «ақтаңдақтар» бетін ашуға мүмкіндік береді. Мақалада 1830-1850 жж. Аякөз сыртқы округының ашылу тарихы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада орта жүз қазақтарын бір орталықтан басқару ісін енгізу мақсатында ашылған сыртқы округтарға болыстар мен ауылдарды біріктіру жұмыстары орыс әкімшілігі тарапынан аса сақтықпен жүргізілгендігі баяндалады. Аякөз сыртқы округын ашу кезінде жергілікті қазақ сұлтандарының билікке таласушылдығы орын алып, әр округтың территориялық бөлінісі қайта қаралып, нақтыланды. Бұл бір жағынан қазақ даласында округтардың ашылуына себеп болса, екінші жағынан Ресейдің қазақ даласын түбегейлі отарлауына жол ашты. Мақалада, Аякөз сыртқы округының ашылу тарихын зерделеуде, жергілікті қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының көші-қон жолдары өзгеріске ұшырағандығы және Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы сауда жолдарының қауіпсіздігі қазақ даласына казак әскерлерінің қоныстандырылуымен қамтамасыз етілгендігі талдауға алынды.
Мақалада, ҚР ОММ мұрағат құжаттары мен ХІХ ғасырда қазақ даласында болған саяхатшылардың естеліктеріндегі материалдары пайдаланылды. Аякөз сыртқы округының 1830-1850 жж. әлеуметтік-экономикалық даму тарихы арнайы ғылыми-зерттеу нысаны болған емес.
1830-1850 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЯКӨЗ СЫРТҚЫ ОКРУГЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ
Жарияланған September 2022
127
68
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
округ, лазарет, генерал-губернатор, аға сұлтан, болыс, хандық билік, керуен сауда, станица, отарлау, айырбас сауда, империя
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Т.А, Б. 2022. 1830-1850 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЯКӨЗ СЫРТҚЫ ОКРУГЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/8130.2022.96.27.008.