Бұл мақалада Қазақстанның ірі көлдер жүйесі мен өзендерінің тарихи атауларына қатысты топонимикалық деректер жинақталған. Табиғи нысандардың тарихи кезеңдегі географиялық бейнесін анықтауда топонимикалық деректердің маңызы өте зор. Географиялық атауларда жинақталған құнды деректерді ақпарат және зерттеу көзі ретінде пайдалану - топонимиканың маңызды компоненті саналады. Мақалада біз мұны еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі гидронимдер мысалында қарастырдық. Яғни, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында аса зор мәнге ие Балқаш және Алакөл көлдерінің, Жетісу жерінің басты артериясы саналатын Іле өзенінің тарихи кезеңдегі атаулары ғылыми дереккөздер негізінде әр қырынан түсіндірілді. Табиғи нысандардың уақыт кезеңіндегі ландшафт өзгерістері тарихи-картографиялық деректер мен ғылыми еңбектерге сүйене отырып анықталды. Топонимдердің ақпараттық жүктемесі, тұжырымдаулар мен түсіндірмелік негіздеме – тарихи-география мен қоршаған ортаға қатысты қолданбалы ғылым салаларына қажетті дереккөз бола алады.
ТОПОНИМИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ ТАБИҒИ НЫСАНДАРДЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ЛАНДШАФТ ӨЗГЕРІСТЕРІН АНЫҚТАУ (Балқаш-Алакөл ойысы мысалында)
Жарияланған September 2022
127
104
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
К.Д, К. 2022. ТОПОНИМИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ ТАБИҒИ НЫСАНДАРДЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ЛАНДШАФТ ӨЗГЕРІСТЕРІН АНЫҚТАУ (Балқаш-Алакөл ойысы мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 74, 2 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/5615.2022.98.63.014.