Бұл мақала жергілікті, аймақтық және орталық архивтердің материалдары негізінде «Алматы округіне қарасты қазақ байларын кәмпескелеу саясатының» себептері мен барысын талдауға арналған. Сондай-ақ байларды кәмпескелеу барысында, яғни оларға қарсы мемлекет тарапынан жасалып жатқан жазалау шараларына да назар аударылады. Байларды жаппай кәмпескелеу мен оларды жазықсыз жазаға тартудың салдары олардың жанұясы мен туған-туыстарының да қуғын-сүргінге ұшырап, зобалаңға ұшарағаны қарастырылады. Жазықсыз зардап шекендер отбасымен бірге туған жері мен елін тастап босқынға ұшыраса, кейбірі жесір мен жетім атанды. Бір ауылды, немесе бір әулетті бағып-қағып, жұмыспен қамтып, қамқорлығына алып отырғанбай әулеттер «қылмыстыға» айналып, жазалаушылардың жетегінде кетті. Тарихи құжаттарда, архив материалдарында тәркілеуге ұшыраған байларға қатысты мәліметтер өте жүйесіз және «халық жауы» ретінде бұрмаланып жазылғаны белгілі. Көптеген іс-қағаздарын байларды оқымаған «надандар» қатарында санап, қараңғы халықты сүліктей сорған басбұзарлар ретінде толтырған. Сонымен мақалада жазықсыз жапа шеккен би, болыс әулетінің ұрпағына қарсы жүргізілген кәмпескелеу саясатының мән-жайын талдау болып табылады.
1928-1929 жж. ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫН КӘМПЕСКЕЛЕУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (АЛМАТЫ ОКРУГІ МЫСАЛЫНДА)
Жарияланған September 2022
169
99
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Қуғын-сүргін, бай-кулак, кәмпеске, ұжымдастыру, тап, геноцид, сталинизм, Алматы округы, «Қосшы», ашаршыдық, жер аудару
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ж.С, С. 2022. 1928-1929 жж. ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫН КӘМПЕСКЕЛЕУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (АЛМАТЫ ОКРУГІ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 74, 2 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/9057.2022.62.93.029.