Қазақ киіз үйі - ежелден бері қолданылып келе жатқан дәстүрлі баспана. Баспананың осы түрінің, киізден және ағаштан жасалған сәулеттілігінің қайталанбастығы бүгінде әрбір қазақ үшін отанның, халықтың төл мәдениетінің символына айналды. Мақаланың басты мақсаты - қазақ киіз үйінің халық дүниетанымындағы рөлі мен орнын, сондай-ақ киіз үйдің бөлшектері мен бөліктерінің және жалпы қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйінің семантикалық мағынасын көрсету. Мақалада қазақтың дәстүрлі дүниетанымын саралау мақсатындағы этнографиялық дереккөзі ретінде киіз үй егжей-тегжейлі қарастырылады. Зерттелетін мақала нысаны киіз үйдің жалпы сипаттамасын ғана емес, сонымен қатар оның семантикалық мағынасын зерделейді. Мақалада символ оның ерекше мағынасын сипаттайтын белгі ретінде қарастырылады. Материалдарды талдау нәтижесінде киіз үй ерекше архитектуралық шешімімен, күрделі семантикалық мағынасымен түркі-моңғол тайпаларының мәдени даму деңгейін, олардың күрделі идеологиясын көрсетеді деген қорытынды жасауға болады. Осылайша, қазақтардың дәстүрлі дүниетанымындағы киіз үйдің символикасы күнделікті тұрмыстың дүниетанымдық тәжірибесін де айқындап берді.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
этнос, ұлт, этнография, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, баспана
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Егізбаева, М. і Бейсегулова, А. 2021. ҚАЗАҚТЫҢ КИІЗ ҮЙІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ КӨЗҚАРАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).