Мақалада адамзат тарихының баса талқыланатын мәселелерінің бірі, кеңестік тарихтың айрықша күрделі кезеңі - сталиндік қуғын-сүргін қарастырылған. Бұрын тыйым салынған, құпия болып келген құжаттардың жария етіліп, қол жетімді болуы тақырыпты барынша тиянақты зерттеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қазіргі таңда зерттеудегі жаңа ұстанымдарға сәйкес архивтік деректермен қоса қуғын-сүргін тарихын зерттеуге қатысты бұрын субъективті мәселелер ретінде назарға алынбаған жеке адамдар мен тұлғалардың берген куәліктері тәрізді деректемелер аса маңызға ие болуда. Авторлардың Т.И. Шмидттің «Время, люди и судьбы «Дома на набережной» атты деректі повесін зерттеу нысаны етіп алуы да осы олқылықтың орнын толтыру мақсатынан туындайды. Авторлар Кеңес Одағының көрнекті партия-кеңес қызметкерлерінің, үкімет мүшелерінің саяси қуғын-сүргінге ұшырауының себептерін партиялық және мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құжаттарына негіздей отырып көрсеткен. Қатал тағдырды басынан кешкендер мен оның куәгерлерінің естеліктері мен хаттарын, жазбаларын талдау арқылы сталиндік қуғын-сүргін саясатының адамзат тарихындағы қасіреті мен салдары ашылған. Кітаптағы материалдардың кеңдігі мен архивтік құжаттардың түпнұсқалығының қуғын-сүргін тарихы туралы шындықты қалпына келтірудегі үлесі айқындалып, объективті баға берілген.
Т.И. ШМИДТТІҢ «ВРЕМЯ, ЛЮДИ И СУДЬБЫ «ДОМА НА НАБЕРЕЖНОЙ» ДЕРЕКТІ ПОВЕСІ – CТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ДЕРЕККӨЗІ
Жарияланған December 2022
162
116
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С.С, К. 2022. Т.И. ШМИДТТІҢ «ВРЕМЯ, ЛЮДИ И СУДЬБЫ «ДОМА НА НАБЕРЕЖНОЙ» ДЕРЕКТІ ПОВЕСІ – CТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ДЕРЕККӨЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 74, 2 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/4717.2022.74.35.021.