Мақала ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамының басқарушы элитасының эпистолярлық мұрасын зерттеуде белгілі тарихшы И.В. Ерофееваның ұстанған теориялық-методологиялық принциптері мен тарихи көзқарастарына арналады. 1999-2011 жылдар аралығында Ирина Викторовна архивтанушы Б.Жанаевпен бірлесе отырып Ресей Федерациясының, Қазақстан мен Өзбекстанның 12 ірі архив қорлары мен кітапханалары материалдарының негізінде қазақ хандары мен сұлтандарының хаттарын зерттеуден өткізді және ғылыми айналымға енгізді. Жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 2014 жылы «Абди Компани» баспасынан «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 годов» екі томдық фундаменталды зерттеу жарыққа шықты. Бұл тарихи құжаттардың арнайы жинағы, ол жобаның, кіріспесінің, қазақ хандары туралы биографиялық зерттеулер мен ғылыми түсініктемелердің авторы және кітаптың құрастырушысы әрі жауапты редакторы И.В. Ерофеева болды. Жинаққа 1675-1821 жылдар аралығындағы хронологиялық кезеңді қамтитын қазақ хандары мен сұлтандарының 811 хаты енді.
Жалпы мұндай тарихи құжаттарды жаппай іздестіру және жариялау ісі кеңестік кезеңде басталғанын ескеру қажет, бірақ Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң ол интенсивті сипатқа ие бола бастады. Мақалада осы процесте И.В. Ерофееваның рөлі, тарих ғылымы үшін эпистолярлық мұраның маңызды-лығын ашуда көрініс тапқан оның ұстанымдары мен тұжырымдарын көрсету әрекеті жасалады.
ХVІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ЭЛИТАСЫНЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ И.В. ЕРОФЕЕВАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Жарияланған December 2022
136
116
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
дерек, эпистолярлық мұра, жеке тұлғалық құжаттар, эго-құжаттар, басқарушы элита, хандар, сұлтандар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Д, Б. 2022. ХVІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ЭЛИТАСЫНЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ И.В. ЕРОФЕЕВАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/6027.2022.48.90.023.