Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

IX-X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБ ЖИҺАНГЕЗДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Жарияланған December 2022

105

154

Аңдатпа

Мақалада ІХ-Х ғасырлардағы қазақ жерінің араб зерттеушілері тарапынан зерттеу барысындағы жазба деректеріне шолу жасалып, жер су атауларына талдау жасалынған. Сонымен бірге олардың жазбаларындағы жер су атауларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы сөз қозғалған және оны қазіргі кездегі атауларымен салыстырылды. Ең алғашқы зерттеулер қазақ жерінде ортағасырда жүргізілген болатын. Зерттеулердің бастауы араб саяхатшылардар басталды. Араб және парсы зерттеушілер қазақ жерлерін картаға түсіріп отырған. Жергілікті атауларға ерекше мән берген болатын. Әсіресе, өзен және көл атаулары осы уақытқа дейін сақталып келеді. Жазбалар ескі жазумен жазылған. Мақалада Осман империясының Орталық мұрағатынан алынған деректер қолданылған. Зерттеу жұмыстарында электронды кітапханалардың құнды деректеріне талдаулар келтірілген. Ежелгі қалалар, олардың тіршілігі, мекен еткен халықтардың дәстүрлеріне шолу жасалынған. Әрбір зерттеушінің еңбектеріне талдау жасалып, қазіргі Қазақстан картасындағы атаулармен сәйкестендіріліп, қорытындылар шығарылды. Ежелгі қалалардың климаттық жағдайы мен өзен-көлдердің гидрологиялық режимі географиялық тұрғыда талданды. Зерттеушілердің ежелгі карта-сызбалары қазіргі географиялық картамен салыстырылып, салыстырмалы-географиялық сипаттама жасалды. Ортағасырда араб саяхатшылары қазақ жері туралы құнды географиялық деректер қалдырды.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
А.У, А. 2022. IX-X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБ ЖИҺАНГЕЗДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/5193.2022.29.25.019.