Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАРАҒАНДЫ КЕНШІЛЕРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР ТАРИХЫ (1930-1940 жж.)

Жарияланған May 2021

82

41

Аңдатпа

Қарағанды қаласының ірі өнеркәсіп орталығы ретінде қалыптасу тарихын терең ұғыну үшін, оның тұрғындарының заман арнасындағы тіршілік-тынысына үңілудің маңызы зор. Өйткені күнделіктілік методологиясы Қарағанды қаласының қалай өмірге келгенін, оның қиыншылықтарын, тұрғындардың медицинамен қамтамасыздандырылуын, қарағандылық кеншілердің бос уақыттарын өткізу барысын жақыннан тануға көмектеседі. Қарағанды көмірі – еліміздің басты байлығы. Ол тек республиканы ғана емес, кешегі күндері бүкіл КСРО аумағын қара алтынмен қамтамасыз етті. Ел экспортының қайнар көзі де осы байлығымыз дейтініміз сондықтан. Ал осы көмір өндірісінің басы-қасында жүрген шахтерлердің еңбегі ұшан-теңіз. Кеншілердің ауыр еңбегі талай қиындықты жеңіп, өмір мен өлім арасында жүздеген метр тереңдікке түсіп, осы байлықты игерді. Шахта ішіндегі апаттан талай ғұмырлар қиылды. Қарағандылықтардың тыныс-тіршілігінің бір бөлігіне айналған қара алтын жылдар көлемінде өз шежіресін де қалыптастыра алды. Мақалада, Қарағанды елді-мекенінің және оның тұрғындарының 1930-1940 жылдардағы күнделікті өмір тарихы баяндалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сапарғалиева , С. 2021. ҚАРАҒАНДЫ КЕНШІЛЕРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР ТАРИХЫ (1930-1940 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).