Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Исторические и социально-политические науки

ЕЛІМІЗДЕГІ 1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШТЫҚ: СЕБЕБІ МЕН САЛДАРЫ: Erkin

Опубликован July 2021

206

176

Статья
Аннотация

Аңдатпа

Мақалада Кеңес өкіметі орнағаннан кейін еліміз зұлмат аштықты үш рет бастан кешкенін, оның себептері мен салдарлары талданады.

1921-1922 жылғы қуаңшылыққа «әскери коммунизмі» саясаятының да ауыл шаруашылығына аса ауыр соққы болып, ашаршылықтың өрістей түсуіне әкелген еді. Азаматтық қарсы тұру жылдарында халықтың қыруар азық-түлігі ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынуының да зардабы болмай қалған жоқ. Әсіресе, Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында қуаңшылықтан мал басы көптеп қырылды. Жергілікті тұрғындар аштыққа ұшырады. Панасыз қалған балалардың жағдайлары ауыр болды. Ел арасында түрлі жұқпалы аурулар өршіп, өлім-жітім көбейді. Республикада денсаулық сақтау орындарының жағдайы сын көтермеді. Бұған азық-түлік салығын жинаудағы жергілікті басшылардың бассыздығы, бандалық топтардың әрекеттері қосылды. Орын алған аштыққа автономия басшылығы біршама іс-шаралар жүргізді. Жер-жерлерде ашыққандарға көмек комиссиялары құрылды. Панасыз балалар балалар үйі мен арнайы орындарға, тіпті басқа республикалар мен шет мемлекеттерге де орналастырылды.

Елдегі аштыққа көмекке Қызыл крест ұйымы және Америка әкімшілік көмегі де араласты. Үш жылға жуық созылған аштық зардаптары өте ауыр болды. Бұл жылдары шамамен аштықтан 1 миллионнан астам қазақ халқы қаза тапты.

Түйін сөздер:аштық,әскери коммунизм саясаты, қуаңшылық, азық-түлік салығы, панасыз балалар, Америка әкімшілік көмегі.

 

 

 

pdf (Қазақ)
Язык

Русский

Ключевые слова
Erkin
Как цитировать

[1]
Еркінбекұлы, Е. 2021. ЕЛІМІЗДЕГІ 1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШТЫҚ: СЕБЕБІ МЕН САЛДАРЫ: Erkin. Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Исторические и социально-политические науки. 67, 3 (июл. 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5461.07.