Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДАҒЫ БАТЫР ФЕНОМЕНІ: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ: КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДАҒЫ БАТЫР ФЕНОМЕНІ: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Жарияланған June 2026

0

0

1Candidate of Historical Sciences, Head of Department at the Kazakh-Russian Medical University
Shakarim University
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г.А. Жанқадамова

2Шәкәрім университеті, Тарих кафедрасының оқытушысы

Қазақстан, Семей қаласы

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар, батырлар институты, олардың қазақ қоғамындағы алатын орны мен күнделікті тұрмыстағы өмірі қарастырылады.  Әр халықтың тарихында оның даму ерекшелігін сипаттайтын құрылымдар болады. Қазақ халқының ұлттық болмысын айқындайтын  ерекшеліктерінің бірі-батырлар. Аталған тақырып XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихында өзіндік орны бар батырлар негізінде сараланады. Батырлар әр халықта және әр тарихи кезеңде ерлік пен елдіктің басында тұрғандығы белгілі. Қазақтың  ұлт ретінде қалыптасып, тарихи сахнаға шығуы да олардың қосқан үлесі, ақылдылығы, шеберлігі арқасында. Батыс Еуропа және Ресей тарихшылары мен саяхатшыларының, ресейлік басқару жүйесі шенеуніктерінің  қазақ даласына қатысты еңбектеріндеқазақ батырлары жайлы мәліметтерді кездестіре аламыз. Мысалы айтсақ, Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханға қатысты ағылшын саяхатшысы өз жазбаларында Жәнібек батыр, Бөкенбай батыр, Баймұрат батыр туралы да жазады. П.И Рычков өзінің еңбегінде Арғын Жәнібек пен Тама Есет, олардың елшілік қызметтерін сипаттайды. Ал, Андреев  жазбасында патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды өз саясаттарын қолдауға пайдалану үшін кейбір батырларға жүз рубльге дейін ақшалай сыйақы беріп тұрғандығы анық көрініс тапқан. Сол себепті батырлар туралы мәлімет аз деп айта алмаймыз. Өзінің замандарында өзекті болғаннан кейін, батыр туралы көп айтылған.

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шуланбекова , Г.Қ. і Жанқадамова , Г. 2026. КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДАҒЫ БАТЫР ФЕНОМЕНІ: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ: КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДАҒЫ БАТЫР ФЕНОМЕНІ: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.022.