Испаниядағы азамат соғысы Испан Республикасын қорғаған республикашылдар мен солшыл үкіметті құлатуға ұмтылған Франко ұлтшылдарының арасындағы идеологиялық қақтығыс еді. Испан Республикасы жеңілген соң көптеген республикашылдар, негізінен әскери бөлімдер мен интернационалдық бригадалардың қолбасшылары, қатардағы жауынгерлер, солшыл партиялардың жетекшілері Кеңес Одағына эмиграцияға кетті. КСРО мен Германия арасында соғыс басталған кезде Мәскеуде және КСРО еуропалық бөлігінде тұрған эмигранттарды, соның ішінде испан республикашылдарын да Шығысқа көшірді, олардың көпшілігі Қазақстанға келді. 1941 жылы Қазақстанға келген испан республикашылдарының тағдыры күні бүгінге дейін ғылыми әдебиетте орын алған жоқ. Біздің зерттеулеріміздің дерегі ретінде саяси эмигранттарға көмек береетін халықаралық ұйымдардың қазақстандық бөлімдерінің құжаттық материалдары зерделенді. Аталған мәселені зерттеуде тарихи шындықтың көптүрлілігі мен альтернативтілігі туралы концепция басшылыққа алынды. ХХ ғ.бірінші жартысында Еуропа елдерінде саяси дамудың бірнеше мүмкін нұсқалары қалыптасты. КСРО-ға келген испан республикашылдарының тағдыры осы нұсқалардың күресі аясында зерттеледі. КСРО-ның Испаниядағы азамат соғысына қатысуына берілген жағымды немесе жағымсыз бағалараға қарамастан кеңес республикаларын, соның ішінде Қазақстанды паналағаниспан эмигранттарының өмірі мен тағдыры Испания мен Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі екені даусыз.
МӘЖБҮРЛІ МИГРАЦИЯ: ИСПАН РЕСПУБЛИКАШЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА
Жарияланған March 2026
2
1
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кокебаева, Г., Закарья, Р. і Стамшалов, Е. 2026. МӘЖБҮРЛІ МИГРАЦИЯ: ИСПАН РЕСПУБЛИКАШЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.001.

