Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕҢСЕРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жарияланған December 2025

3

2

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
Аңдатпа

Бұл мақалада ғылым саласындағы гендерлік стереотиптердің Қазақстандағы әйелдердің ғылыми мансабына тигізетін әсері халықаралық және ұлттық контексте талданады. Зерттеудің мақсаты - ғылыми-зерттеу және академиялық ортадағы гендерлік теңсіздіктің құрылымдық және мәдени-социологиялық себептерін анықтап, әйел зерттеушілерге кедергі келтіретін институционалдық тосқауылдарды сипаттау. Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы талдау, ғылыми әдебиеттерге контент-талдау, сондай-ақ халықаралық индекстер мен деректерге шолу қолданылды. Мақалада ғылымда кең таралған патриархалдық көзқарастар, әйелдердің ғылыми қабілетіне күмәнмен қарау және жетекші ғылыми лауазымдарда әйелдердің жеткіліксіз өкілдігі мәселелері айқын көрсетілген. STEM, жоғары білім, академиялық көшбасшылық және ғылыми кадрлық саясат салаларында гендерлік теңдікті арттыруға бағытталған халықаралық бастамалар мен тәжірибелер мысал ретінде қарастырылып, олардың Қазақстан жағдайына бейімделу мүмкіндіктері бағаланады. Сонымен қатар, ғылымдағы гендерлік саясатты институционалдық деңгейде жүйелі түрде дамыту қажеттігі туралы қорытынды жасалады.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Д.Ғ., Н., А.Д., Б. і К.А., Е. 2025. ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕҢСЕРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.017.