Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОТАРШЫЛДЫҚ КАПИТАЛИЗМ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ БАЙЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Жарияланған December 2025

3

7

ЕНУ имени Л.Н. Гумилева
Аңдатпа

Байлар әлеуметтік категория ретінде зерттеу отандық тарихи ғылымда өзектілікке ие бола бастады. Бұл мәселенің өзектендірілуіне ықпал еткен факторлардың бірі – сталиндік репрессия құрбандарын саяси тұрғыдан ақтау болды. Осы үрдістің нәтижесінде аталған тақырыпқа қатысты архивтік деректер ашыла бастады.

Қазақ қоғамы өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік тәртіпті қалыптастырды. Мұнда әлеуметтік мәртебе мен стратификацияның бөлінуі экономикалық және дәстүрлі факторлармен анықталды. Тарихи әдебиетте байлардың мәнін анықтауда әртүрлі түсіндірулер кездеседі: бай деп мал-мүлкі мол болған мал иесі, көпес немесе XIX ғасырдың екінші жартысындағы экономикалық реформалар негізінде қалыптасқан кәсіпкер аталды.

Бұл мақаланың мақсаты – байлықтың жеке әлеуметтік топ ретінде бөлінуіне әсер еткен факторларды анықтау. Хронологиялық шеңбер XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды. 

Зерттеудің дереккөздік негізін Семей, Ақмола және Торғай облыстары бойынша «Естелік кітаптар» мен «Статистикалық шолулар» құрайды. Бұл деректер ғылыми маңызға ие болып, қазақтардың күнделікті өмірін қайта құруға мүмкіндік береді. Естелік кітаптар көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді айқындайды. Сандық мәліметтерді талдау олардың әлеуметтік контекспен арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді, яғни шаруашылық көрсеткіштері қазақтардың әлеуметтік құрылымы мен тұрмыс салтына қалай әсер еткенін көрсетеді. Сонымен қатар, XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы зерттеушілердің материалдары пайдаланылды.

Дәстүрлі әлеуметтік тәртіп XIX ғасырдың екінші жартысында әкімшілік және экономикалық реформалар жүргізілген кезде өзгеріске ұшырады. Тиісінше, байлардың жеке институт ретінде қалыптасуына әсер еткен факторлар жаңа экономикалық шындық пен әлеуметтік қатынастардың жаңа форматына байланысты болды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.Ж., С., Ж.Е., Н. і Г.К., Е. 2025. ОТАРШЫЛДЫҚ КАПИТАЛИЗМ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ БАЙЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.013.