Мақала Сарыбаевтар отбасы архивінде сақталған Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың жеке архивіне арналған. Ш.Х. Сарыбаев (1893-1958) – педагог, тіл маманы, журналист, ақын, әдебиеттанушы, аударма-шы және фольклор жинаушы. Анықталған құжаттар тарихи тұлғаның ауқымдылығын айғақтайды, оның ғылыми қызығушылықтарын айқындауға, оның таныстар шеңберін, қоғамдық қызметін, мұрасын анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыстың шеңберінде мемуарлық мәтіндердің өзін тексеріп қана қоймай, мәтіндердің тарихына да ерекше көңіл бөлінді. Жарияланған мәтіндердің жобалық нұсқаларының болуы автордың ниеттерін байқауға және құжаттардың кейбір ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Талданған мемуарлық мәтіндер Шамғали Сарыбаевтың өмірбаянының жекелеген үзінділерін қайта жаң-ғыртуға ғана емес, оның өмір сүрген тарихи жағдайын түсінуге де мүмкіндік берді. Бұл құжаттарда келті-рілген мәліметтер еліміздің мәдени-ағартушылық өміріндегі елеулі өзгерістермен сипатталатын тарихи кезеңді – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында болған ерекшеліктерді көруге мүмкіндік береді.
Ш.Х. Сарыбаев туралы жан-жақты зерттеу өзінің ғылыми өмірбаянын жасап қана қоймай, белсенді кәсіби қызметі кезеңінде әлеуметтік-мәдени тарих туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.