Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ, ХАБАРШЫ «ТАРИХ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯСЫ

СССР НКВД-МВД № 348 ЖАПОН ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ЛАГЕРІ ЖӘНЕ АЩЫСАЙ ПОЛИМЕТАЛЛ КОМБИНАТЫ ТАРИХЫНАН

Жарияланған July 2021
КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

Мәскеулік орталықтың ерекше назары түскен Ащысай және оның қазынасын игеру тарихы советтік тарихнамада біржақты қарастырылды. Оның күнгейі мен көлеңкелі тұстары әлі де болса толыққанды зерттеуді қажет етеді. Қазіргі тарих ғылымындағы тарихи-антропологиялық зерттеу құралдары аталған мәселені біртұтас және объективті тануға мүмкіндік береді. Мақалада 1945 жылы Ащысайда құрылған СССР НКВД-сінің №348 жапон әскери тұтқындарының өндірістегі қызметі мен лагерьдегі өмірі баяндалады. Жапон әскери тұтқындары Ащысай комбинатының рудниктерінде, Түркістан ауданындағы ауыл шаруашылығында, сонымен қатар өңірдің мәдени құрылысы жұмыстарында (ғимараттарды, өнеркәсіптік мекемелерді тұрғызу, жұмысшы поселоктарын салу ж.б.) еңбек етті. Олардың қолынан шыққан ғимараттардың кейбірі бүгінге дейін халыққа қызмет етіп келеді. Сондай-ақ жапон әскери тұтқындарының қызметін ашуда, комбинаттың ортақ азапты еңбек жолынан өткен өңірдің өзге де ұлт өкілдерінің, соның ішінде әсіресе, поляк азаматтарының балаларының және қазақ кеншілері балаларының естеліктері талдауға алынды.

Жұмыста ҚР ІІМ ШҚД архиві, РГАЭ, ҚРОМА, ҚР ПА қорының құжаттары және Ащысай, Хантағы, Байылдыр ж.б. ауылды мекендерге жүргізілген елішілік экспедиция (тарихи сұхбат) материалдары пайдаланылды. Мәселе методологиялық құралдардың соңғы жетістіктері (айтылған тарих, күнделіктілік ж.б.) негізінде орындалды. №348 лагерь және ондағы жапон тұтқындарының өмірі бұрын-соңды арнайы ғылыми-зерттеу нысаны болған емес. Соған сәйкес мұндағы құжаттық материалдар айналымға алғаш рет енгізілуде.

pdf
Тіл

Қазақша

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мырзатаева, З. 2021. СССР НКВД-МВД № 348 ЖАПОН ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ЛАГЕРІ ЖӘНЕ АЩЫСАЙ ПОЛИМЕТАЛЛ КОМБИНАТЫ ТАРИХЫНАН. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ, ХАБАРШЫ «ТАРИХ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯСЫ. 67, 3 (Лип 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5461.03.