Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ, ХАБАРШЫ «ТАРИХ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯСЫ

1916 ЖЫЛҒЫ 25 МАУСЫМДАҒЫ ЖАРЛЫҚТЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫНАН

Жарияланған June 2021
Аңдатпа

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне түрткі болған патша жарлығының жариялануы ұзақ жылдар бойы жоғарғы билік өкілдері арасында сан мәрте талқылаулардан өткен болатын. Алғаш бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін, яғни 1910 жылы қозғалса, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты бірнеше рет әскери министрлікте, Министрлер Кеңесінде, Мемлекеттік думада, мемлекеттік Кеңестерде талқыланды. Талқылауларда әскери міндеткерліктен босатылған империяның қол астындағы отар халықтарды «қандай формада шақырамыз, әлде әскери салықпен алмастырамыз ба?», - дей келе, ақыры 1915 жылы әскери салық енгізілген болатын.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы екі жылындағы сәтсіздіктер, көптеген адам шығыны, майданға алынғандардың орнын басатын еңбек ресурстарына қажеттілік қосымша жұмыс күшін талап етті. Әскери міндеткерлік мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Миллиондаған еңбек қолын қажет еткен жағдай тиісті министрліктерді қалай болғанда да көп көлемдегі адам күшін тартуға мәжбүрледі. Әскери министрлік бұрын қозғалған әскери міндеткерлік, реквизицияны қайта көтеруіне тура келді. Жоғары билік өкілдері қол астарындағы «бұратана» халықтарына «саяси сенімсіздік» танытып, қолдарына қару беруден қаймыққандықтан бұл мәселені қайта-қайта кейінге қалдырып келген еді. Тіпті әскери министрліктің 1915 жылғы қарашадағы заң жобасын да Министрлер Кеңесі осы жылдың желтоқсан айында кері қайтарады. Ақыры 1916 жылдың жазында майдандағы ахуал күрделене түскенде мамыр, маусымда шарасыздықтан үкімет басшысы, әскери министр және ішкі істер министрінің орынбасарлары ортақ шешім қабылдауларына тура келді. Министрлер Кеңесі мәжілістерінің ерекше журналында сақталған жазбаларда тыл жұмысына алу жарлығы туралы шешімді премьер-министр Штюрмер, әскери министр Шуваев, Ішкі істер министрінің орынбасары Куколь-Яснопольскийлердің қабылдағаны жөнінде нақты мәліметтер сақталған. Бұл арнайы қабылданған жаңа заң емес, бұрынғы «реквизиция» туралы әскери қаулы Жинағы негізге алынып, жарияланды. Жарлық Мемлекеттік думаның қолдауымен жарық көрмей, Шуваевтың Уақытша үкіметтің төтенше тергеу комиссиясының төрағасы Н.К. Муравьевке берген жауабында атап көрсеткеніндей елге телеграмма арқылы жеткізілді. Кеңестер мен мәжілістерде аймақтардан бұл шақыруға жергілікті тұрғындардың көзқарасына қатысты мәлімет жинау қажеттігі туралы пікірлері де аяқ асты етілді. Отаршыл билік өкілдері Жарлықты шұғыл түрде жүзеге асыруды қолға алды.

pdf
Тіл

Қазақша

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ермуканов , Е. 2021. 1916 ЖЫЛҒЫ 25 МАУСЫМДАҒЫ ЖАРЛЫҚТЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫНАН. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ, ХАБАРШЫ «ТАРИХ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯСЫ. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.02.